Атыраудан экспортқа алғашқы полипропилен жіберілді

Атырау қаласындағы KPI зауыты экспортқа алғашқы полипропилен пойызын жіберді, деп хабарлайды AtyrauPress.kz тілшісі.

Атырау қаласындағы "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc" (KPI) ЖШС зауыты 2022 жылғы 18 қарашада көлемі 1,5 мың тонна полипропиленмен тиелген алғашқы контейнерлік пойызды (62 контейнер) экспортқа жіберді.
Сонымен бірге, полипропиленді қайта өңдеушілер — "РГК-Каспий" ЖШС, "Универсал" ЖШС, "ALPHA PLAST" ЖШС-не алғашқы жөнелту басталды. Зауыттың жоспарында Қазақстанның ішкі нарығын полипропиленмен толық қамтамасыз ету бар.

Ағымдағы айдың соңына дейін ҚР тұтынушылары үшін отандық өнімді жеткізу және көлемі 9 мың тоннадан асатын тағы 6 контейнерлік пойызды экспортқа жіберу жоспарлануда.

Қазақстандық зауыт өнімінің сапасын зертханасы зауыт аумағында жұмыс істеп тұрған әлемге әйгілі швейцариялық SGS компаниясы растайды.