Атыраудағы жол жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Қазір С.Датов, Құрманғазы, Гагарин,Тұяқберді Шамелов, Жастар және Сатыбалдиев көшелері қайта жаңартылып, Темірханов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Қазір Қаршымбай Ахмедияров көшесі толық пайдалануға берілгенімен, төсем тастарды төсеу және жолақтарды сызу жұмыстары жүруде. Ал, жоғарыда аталған 6 көшедегі жұмыстар қазан-қараша айларында толық аяқталады деп жоспарланып отыр,- деді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлеген.

Бұдан бөлек, биыл 70 мың шаршы метр қашықтықтағы жол шұңқырларын бітеу жоспарланып, бүгінде оның 70 пайызы аяқталған.