Әлеуметтік желіде мұғалімнің сабақ кезінде алдында отырған баланың назарын аудару үшін шапалақпен ұрған сәті түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл жағдай 2 ақпан күні Атырау қаласындағы жекеменшік коррекциялық орталықтың бірінде болған.
Аталған факті бойынша Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізіп, қажетті шаралар қолдануда.
Орталық директорының айтуынша, мұғалімнің беделі жақсы, оған балалардың ата-аналары тарапынан ешқандай шағым түспеген. Қызметкер өзінің біліктілігін үнемі арттырып отырады. Мекеме басшылығы тергеу барысында өз тарапынан жан-жақты көмек көрсетеді.
Тексеру кезінде мұғалім өз міндеттерін орындаудан шеттетілді.
Мира Нұртаева
Фото: видеодан скрин жасап алынды