Атыраудағы «Тұлпар» лагері бұзылып, орнына жаңасы салынады

Қаладағы «Тұлпар» лагері апатты жағдайда болғандықтан, биыл балаларды қабылдауға дайын емес, деп хабарлайды AtyrauPress.

Ондағы ғимарат толығымен бұзылып, орнына жаңасы бой көтеретін болады. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Сәдуақасова Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг кезінде мәлім етті.

- Облыстық мәслихатқа «Тұлпар» лагерін күрделі жөндеу туралы ұсыныс 2017-2018 жылдары жасалынған.  Алғашында лагерьде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Алайда ғимараттың жай-күйін  толық зерделей келе, оны бұзып, жаңасын салу  туралы шешім қабылданды. Енді бұл мәселе облыстық мәслихаттың отырысында талқыланады.  Қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді деген жоспар бар.  Құрылыс жұмыстарын ерте бастауға сақадай сай отырмыз, - деді Гүлнәр Сәдуақасова.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА.