Атыраудағы С.Датов көшесіндегі жолдың қалыңдығы талапқа сай ма?

"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Атырау олыстық филиалының қызметкерлері С.Датов көшесіндегі жолдың қалыңдығын тексерді, деп хабарлайды AtyrauPress. 

Қалада жөнде жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселіп жатқан С.Датов көшесіндегі жолдың қалыңдығы талапқа сай. Жоспарлы тексеруге шыққан мамандар осылай деп отыр. "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Атырау олыстық филиалының жетекші сарапшысы Ғибадат Тұрарбеков айтуынша, керн кескіндері алынып, зертханада тексерілмек. 

"С.Датов көшесіндегі қайта жаңғырту жұмыстарының сапасын қарадық. Арнайы құрылғымен керн кескіндерін алдық. Керн кескінінің төменгі қабатының қалыңдығы -12.3 см, ал, жоғары қабаты 6 см екен. Бұл көсеткіштер талапқа сай. Жоба бойынша төменігі қабты -10 см, жоғары қабаты - 5 см болу керек. Енді керн кескінінің сапасы зертханада тексеріледі", - деді Ғ.Тұрарбеков.

 Естеріңізге сала кетейік, қайта қалпына келтірілуі тиіс ұзындығы  4 мың 690 метр С.Датов жолының 1 мың 500 метрі былтыр жөнделді. Биыл тағы 2 шақырымы қайта жаңғыртылмақ. Қазір оның 600 метр аумағында жұмыс аяқталып, көлік қозғалысы үшін ашылды. 

 Қайта жаңғырту жұмыстары кезінде жолдың ені кеңейтіліп, екі жағына да  жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр.

 

Мира НҰРТАЕВА