Атыраудағы өрт: ауруханаға жүкті әйел жеткізілді

Бұл туралы "Прикаспийская коммуна" газетіне берген сұхбатында облыстық жедел жәрдем станциясының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Еске сала кетсек, бүгін Атырау қаласында сауда ойын-сауық кешені отқа оранған болатын. Сол кезде жүкті әйел жедл жәрдем көмегіне жүгінгені белгілі болды. 

"Біздің бригада оқиға орнында кезекшілік қызмет атқаруда. Жүкті әйел облыстық ауруханаға жеткізілді" деп мәлім етті облыстық жедел жәрдем станциясында.

Айта кетейік "тілсіз жау" дер уақытында ауыздықталған болатын.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: иллюстратив