Атыраудағы перинаталдық орталықта тышқан жүр... (+ВИДЕО)

Оқырмандардың бірі редакциямызға перинаталдық орталықта тышқан жүргені туралы бейнежазба жолдады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қазір перзентхана қаладан алыс жерде орналасқан. Атырау облыстық перинаталдық орталығының баспасөз қызметі мәлім еткендей, ғимарат жазық далада болғандықтан дала тышқандары бар. Алайда облыстық перинаталдық орталықтың әкімшілігі бұл мәселенің алдын алу үшін дезинфекция жұмыстарын жиі жүргізетінін жеткізді. Соған қарамастан ғимарат ішінен тышқандар әлі де табылып отыр.

"Жақын күндері дезинфекция жұмыстары тағы да жүргізіледі. Атырау облыстық перинаталдық орталығы былтыр қазан айынан бастап қала сыртына, коронавирус кезінде салынған модульдік ауруханаға уақытша көшірілген болатын. Қазір перинаталдық орталықтың бұрынғы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған соң бұрынғы мекен-жайға ауыстырылады" делінген жауапта.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

БЕЙНЕЖАЗБА ОСЫНДА!