Қала орталығындағы Исатай мен Махамбет алаңына жиналған жұртшылық көктемнің әдемі мерекесінің бірі – «Көрісу күнін» атап өтуге жиналды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бүгін – наурызнаманың бастауы болып есептелетін Амал мерекесі. Елімізде Ұлыс мерекесін жаңа форматта тойлау үшін 14-23 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі деп жарияланды. Осы Наурызнаманың алғашқы күні батыс өңірлерде сақталып қалған, жылдан-жылға аясы кеңейіп келе жатқан Амал күніне дөп келді.
Бұл күні әрбір кісі бір-бірін қыстан аман-есен шығып, көктемнің келуімен құттықтады. Алаңға жиналған көрермен Махамбет атындағы қазақ академиялық драма театрының актерлері қойған театрландырылған көріністі тамашалады. Онда ән де айтылды, би де қойылды.
Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов атыраулықтарды Көрісу күнімен құттықтап, әр отбасына амандық пен береке тіледі.
Мира Нұртаева