Атыраудағы ойын-сауық орындарының бірінен өрт шықты ма?

Атырау қаласындағы «Тамаша» ойын-сауық ғимаратының 3 қабатында тоқ қорапшасында тоқтардың қысқаша тұйықталуы орын алған, деп хабарлайды AtyrauPress.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, ойын-сауық кешені қызметкерлерінің күшімен тоқтан ажырату жүргізілген. 

«Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне шақырту түскен жоқ, ақпарат әлеуметтік желілердің мониторингісі барысында анықталып отыр. Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті анықтау бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына кетті», - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ал ойын-сауық орталығы қызметкерлері «Тамаша» сауда орталығының Инстаграм парақшасында ойын автоматы тұтанғанын және оны орталықтың техникалық қызметі тоқтан ажыратқанын түсіндірген. Қазір қапына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ертеңнен бастап штаттық режимде жұмыс істемек. 

Мира НҰРТАЕВА

Фото: видеоскрин