Атырау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот аталған мектепті жабу туралы шешім шығарса да, ол әлі де болса қызмет етіп отыр екен, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы Атырау облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бердібек Таишев айтты.
«Жалпы бүгінгі таңда 2022 жылы арыз берген барлық заңды тұлғаларға мемлекеттік лицензиялар берілді. Тек бір жеке мектеп осы күнге дейін лицензиясыз қызмет атқарып отыр, бұл – «Ұлттық қыздар мектебі» ЖШС. Атырау облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 13.07.2023 жылғы №2301-23-00-2/1067 шешімімен мектептің қызметі тоқтатылды. Алайда аталған мектеп сотқа аппеляциялық шағым бергендіктен қызметін тоқтатпай отыр. Күні бүгінге мектепте 117 қыз бала тіркелген» дейді департамент басшысы.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ