Атыраудағы "Лидерде" не боп жатыр?

15 шілдеде сағат кешк ітоғыз шамасында Ғ. Берғалиев көшесінде орналасқан ғимараттан түтін шығып жатқаны туралы шақырту түсті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобынан білгеніміздей, өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына жеткен кезде тоқ қорапшасындағы тоқтың қысқаша тұйықталу cалдарынан төбе қаптамасы жанған. Департаменттен 17 қызметкер, 4 техника жұмылдырылды. Құтқарушылар дер кезінде қауптің алдын алды. Зардап шеккендер жоқ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ