Атыраудағы қамыс өртін сөндіруге Қызылордадан тікұшақ көмекке келеді

8 шілде күні өрт ошақтарын сөндіруді жүзеге асыру үшін Қызылорда қаласынан СТҚ-5 су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағын тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды AtyrauPress. 

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 7 шілдеде кешкі сағат 21:00-дегі жағдай бойынша қамыс өсімдіктерінің жану аумағы 20 гектарды құрады.

«Қамыс өртін сөндіру таңертеңгі сағат 9:00-де басталды. Кешке дейін төтенше жағдайлар департаменті мен «Ақжайық» мемлекеттік табиға резерватының 71 қызметкері 15 техника, 2 мотопомпамен шамамен 5 гектар аумақтағы қамыс өртін сөндірді. Қамыс өртін сөндіруге жағалаудың сулы-батпақты болуы кедергіл келтіріп отыр. Сондықтан 8 шілдеде теңіз жағалауындағы өрт ошақтарын өшіру үшін Қызылорда қаласынан су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағын тарту жоспарланды. Өрт ошағының одан әрі тарауын болдырмау үшін айналасындағы жерді жыртуға соқасы бар К-700 тракторы тартылады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Етеріңізге сала кетейік, 7 шілде күні қамыс өртеніп, тілсіз жаудығ бес ошағы анықталды. 

Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті 6 шілдеде кешкі сағат 20:00 шамасында белгілі болған. Өрт Атырау қаласының іргесіндегі Кеңөзек ауылдық округінен 30 шақырым қашықтықта тұтанған. Ал, 7 шілдеде «Қазавиаспас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағымен Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртіне әуеден барлау жүргізілді. Сол кезде шамамен 5 гектарды аумақты құрайтын 5 жану ошағы анықталды.