AtyrauPress редакциясы былтыр "мұнайлы астанадағы" "Ретросаябақтың" аянышты күйі туралы жазған болатын. Биылғы көрініс те көңіл көншітпей отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
2017 жылы "Игілік" бағдарламасы бойынша "ТШО" қаржысына салынған саябақтың жуық арада" жөнделетініне қалалық әкімдіктегілер өткен жылы сендіріп еді. Бірақ, орындалған уәде жоқ. Бұған алты жыл бойы саябақты күтіп-ұстау құзыретінің қолдан-қолға өте бергені себеп болуы мүмкін.
Мәселен, 2019 жылы демалыс орны «Трава у дома» мекемесіне 10 жылға сенімгерлік басқаруға беріліпті. Аталған компания басшысы Татьяна Тегай "бұл жерді ботаникалық баққа айналдырамын" деп айды аспанға бір-ақ шығарған екен. Әйтсе де, белгісіз себептермен кәсіпкер екі жылдан соң қалалық әкімдіктен алған нысанын кері қайтарып берген. Өз кезегінде қалалық ТКШ бөлімі саябақтың кемшіліктерін тауып, қалпына келтіретін болып шешкен. Бұл да тек сөз жүзінде ғана қалып отырғанға ұсқайды. Осылайша, "ТШО"-ның қымбат сыйлығы ақырындап күйреп барады...
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Суреттерді түсірген: Аружан АЖИМКУЛОВА