Атырауда экологиялық көрсеткіштер жақсаруда, деп хабарлайды АтырауPress.
Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.
«2025 жылдың алғашқы 6 айында атмосфераға зиянды заттарды шығару көлемі 5 тоннаға дейін төмендеді. 139 субъектке әкімшілік айыппұл салынды. Кешенді жоспар аясында 164,8 гектар жерге 476,6 мың ағаш отырғызылды», – деді әкім.
Айта кетейік, өңірлік жоспар бойынша тағы 69,7 гектарға 145,7 мың ағаш отырғызылды.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ
Фото freepik