Атыраудағы бұрынғы Президент резиденциясында келесі жылы 300 бала демалады

Атыраудағы Президент резиденциясы облыстық білім беру басқармасының теңгеріміне берілгені белгілі. Енді онда балалардың жазғы демалысы ұйымдастырылады,  деп хабарлайды AtyrauPress.

 

Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Астанада қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім етті. 

«Мемлекет басшысы Жайық өзенінің жағасында орналасқан Президент резиденциясын балалардың қажеттілігіне беруді тапсырған болатын. Онда балалардың жазғы демалысын ұйымдастырамыз деп жоспарлап отырмыз. Лагерь ашудың өз талаптары бар. Соған сәйкестендіру жұмыстарын жүргізудеміз. Сонымен қатар асхана салу керек. Келесі жылы демалыс орны 300 балаға есігін айқара ашады», - деді облыс әкімі С.Шәпкенов. 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА