Атыраудағы бірқатар көшелерде жарық өшіріледі

Бұл туралы AtyrauPress «Атырау Жарық» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Бүгін электр желісіндегі Молдағұлов пен Гагарин көшелерінің қиылысында автокөлік жолдарын жөндеу мақсатында аталған мекенжайларда жарық сөндіру жұмыстары жүргізілетінін ескертеміз», - делінген хабарламада. 

Атап айтқанда, сағат 13.00-18.00 аралығында Молдағұлова, Гагарин, Домұхамбетов, Жансүгіров, Исатаев, Мырзағали, Байтұрсынов, Нәжімеденов, Б.Сұлтан, Нысанбаев көшелерінде жарық болмайды.  

 

Фото:pixabay.com