Атырау қаласының әкімдігі М.Әуезов көшесіндегі Волгоградская көшесінен Сауырғалиев көшесіне дейінгі аралық 2 қыркүйек сағат 9:00 ден бастап уақытша жабылатындығын мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты орын алып отыр. Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады.
"Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады. Көрсетілген схема бойынша Тұрғындар қалашығы көпіріне шыға алатындығын ескертеміз!" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ