"Балықшы" шағынауданында кәріз коллекторында болған авариялық жағдайға байланысты су өшіріледі, деп хабарлайды AtyrauPress.
Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Балықшы" шағынауданында 19-20 шілдеге қараған түні сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылады.
Естеріңізге салайық, бүгін "Балықшы" тұрғындары редакциямызға хабарласып, аулаларын кәріз суы басып, айналаны жағымсыз иіс алып кеткені туралы ашына айтқан еді.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА