Атыраудағы Азаттық даңғылының бір бөлігі ашылды

Азаттық даңғылының М.Әуезов көшесінен Б.Момышұлы көшесіне дейінгі аралығы пайдалануға берілді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Қаланың орталық көшесін жөндеу былтыр маусымда басталған. Жалпы 70-ке жуық жұмысшы уақытпен санаспай, тамыз айында жолды салып бітірді. Ал алдын ала жасалған жоба бойынша қыркүйек айында аяқтауы тиіс еді. Жол салған «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС-нің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиеваның айтуынша, құрылыс бригадасы бұл жұмыстарды ертерек аяқтауды мақсат етті.

«Құрылысқа қажетті материалдар бойынша біздің компанияда айтарлықтай мәселе болмады. Өйткені «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС-нің инертті материалдар шығаратын зауыты бар. Соның арқасында тапшылық болмады», - деді Н.Қайсағалиева.

Пайдалануға берілген жолдың ұзындығы – 1855, ал ені – 15 метрді құрайды. Даңғылдың екі жағына жаяу жүргіншілер жолы да салынды.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА