Атыраудағы автовокзал аумағы адам танымастай өзгерді (+ФОТО)

Автовокзал аумағы орташа жөндеуден өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Возможно, это изображение 6 человек, автомобиль, улица, толпа, дорога и текст

Енді автовокзалдың тұрағында 12 метрлік автобустар еркін қозғала алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

Возможно, это изображение дорога

Орташа жөндеу жұмысы барысында автовокзал аумағына асфальт төселіп, 18 автобус пен 70 жеңіл көліктің тұрағы сызылған. Ал, осыған дейін бұл жерде үлкен автобустар тек бір бағытта ғана қозғалған болса, енді олардың еркін айналуы үшін тұрақ аумағы кеңейтілген. 

Возможно, это изображение улица и дорога

Сондай-ақ, автовокзал маңына жарық шамдары орнатылып, 90-ға жуық шырша егілген.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Возможно, это изображение 4 человека, автомобиль, дорога и толпа