Атыраудағы ауа райы туралы мәлімет

Синоптиктер еліміздің кей өңірлерінде 41 градусқа дейін ыстық болатынын болжады.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ: 22 маусым күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.