Атыраудағы 45 млн теңгенің ұрлығына полицейлердің қатысы болуы мүмкін...

Атырауда екі азамат ломбард алдында бір әйелді тонап кеткен болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Осыған дейін жазғанымыздай, белгісіз біреулер ақша ауыстыру нүктесінен шығып келе жатқан 1980 жылы туған азаматшаның 45 млн теңгесін ұрлап кеткен болатын. Бұл әйелдің өзінің емес, құрбысының ақшасы болып шықты. Кримминалды полиция бөлімінің қызметкерлері әйел ұрлықты өзі ұйымдастырғанын анықтады. Күдіктілер оның таныстары екен. Екеуі де қылмыстарын мойындаған. Ал, бейресми мәлімет бойынша күдіктілердің полиция қызметкерлері болуы да мүмкін. Полицияның баспасөз қызметінде бұл ақпаратты растамады, әрі жоққа да шығармады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ