Атыраудағы 29 аулада балаларға арналған ойын алаңдары пайда болады

Қазіргі уақытта қала бойынша 29 мекенжайда балалар ойын алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде Исатай мен Махамбет алаңында орналасқан, көлемі 40*25 метр болатын және құрамында 22 шағын архитектуралық форма бар балалар ойын алаңы халықтың пайдалануына берілді.

Сонымен қатар, 2025 жылдың шілде айының соңына дейін Береке, Көкарна, Құрсай, Нұрсая, Жұмыскер және Сарыарқа ықшам аудандарындағы мекенжайларда орналасқан, өлшемдері 20*20 және 20*15 метр болатын ойын алаңдарын орнату жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.