Атыраудағы жағымсыз иіс қайдан шығып жатыр?

6 қазан күні сағат 11:10-да Атырау қаласына қарасты Кеңөзек селеолық округінен 10 шақырым жерде қамыс бықсыды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті.

"Желдің бағыты Каспий теңізіне қарай соғуда. Қамыс бықсуын сөндіру үшін өрт сөндіру көліктері Жердің батпақты болуына байланысты бара алмайды. Елдімекенге қауіп төніп тұрған жоқ. Ал, қала тұрғындары шағымданған жағымсыз иістің қамыс бықсуына қатысы жоқ" дейді мамандар. 

Осыған орай, бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында арнайы брифинг те өтті. Онда мамандар жағымсыз иістен қалай қорғану қажеттігі жөнінде ақыл-кеңестер берді.