Бұл туралы «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Орынбасар Әміржанов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Атырау қаласына қарасты Қайыршақты ауылдық округіндегі Безымянный көлінің жағдайына бақылау жүргізді. Бақылау жүргізудің мақсаты – көлдің су тереңдігін анықтау және алдағы уақытта балықтың қырылуына жол бермеу.
Тексеру барысында «Безымянный» көлінің жалпы температурасы 21.7ºС, оттегінің орташа мөлшер есебі 7.3 мг/дм3, сондай-ақ, су тереңдігі 2 метрге жуық екені анықталды.
- Қазіргі таңда Жайық өзенінің бір бөлігі Безымянный көліндегі су деңгейі түсті, балықтардың қырылу фактісі тіркелмеді. Алдағы уақытта комиссия мүшелерімен шабақтарды құтқару жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, көлдегі балықтар уақытында Жайық өзеніне жіберіліп тұрады, деді О.Әміржанов.
Айта кетейік, сәуір-мамыр айларында «Безымянный» көлінен балық қырылу фактісі тіркелген болатын. Осыған орай арнайы коммисия құрылып, балықтарды құтқару жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 65 келі болатын өлі балықтар санитарлық талаптарға сай көму жолымен жойылды.