Атыраудағы балабақшада үш жасар қызды балалар ұрып-соққан

«Оқу-ағарту министрлігіне балабақшалардың жұмысына қатысты ондаған арыз-шағым түсіп жатыр» деп хабарлайды ATPress.kz.

Өтініштердің арасында қызметкерлердің балалардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіру туралы шағымдар бар. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
«Резонанс тудырған оқиғалардың бірі Атырау қаласындағы жекеменшік мектепке дейінгі мекемеде топтағы балалардың көп болуына байланысты тәрбиеші балаларға дұрыс бақылау жүргізбеген. Соның салдарынан балабақшаның үш тәрбиеленушісі 2019 жылы туған қызды ұрып-соғып, жарақаттаған» делінген хабарламада.
Ондағы оңғы түскен арыз-шағымдар бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, балалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактілері бойынша 5 әкімшілік іс қозғалыпты.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарға қатысты жалпы15 әкімшілік іс қозғады.

 

сурет - ашық дереккөзден.