Атырауда өзін өртемек болған ер кісі қайтыс болды

Атырау облысы Доссор ауылында өзін өртемек болған 1961 жылы туған ер кісі қайтыс болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлім етуінше, өзін өртемек болған ер кісі бүгін таңғы сағат 04:30 минутта облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде есін жимай қайтыс болды. 

Осыдан екі күн бұрын дәрігерлер науқастың жағдайы өте ауыр және денесінің 81 процентін күйік шалғанын айтқан еді. 

Еске салайық, бұл оқиға 13 қаңтарда күндіз болған. Мақат аудандық полиция бөліміне 16 сағат 45 минуттар шамасында Доссор ауылының Б.Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде ер азаматтың өзін өртеп жібергені туралы ақпарат түскен.

Мұндай қадамға ол отбасында болған дау-жанжалдан соң барған.

Эльмира Мықтыбаева