Қала аумағында және қалаға қарасты ауылдық округтерде тұрғындардың үй жануарларының оның ішінде жылқы, сиыр, қой-ешкі малдарының бағусыз, қараусыз жүріп, өсіп тұрған жасыл желектерге зиян келтіріп және қоқыс контейнерлеріндегі қоқыстарды шашу фактлері көптеп тіркелуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Осы мақсатта қала тұрғындарына «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 408-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген ауыл шаруашылығы жануарларының жаю қағидаларын бұзғаны үшін мал иелеріне – үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сонымен қатар осы кодексте көзделгендей жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан дәл сондай әрекет үшін – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын қатаң ескертеміз!" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ