Атырауда облыстық ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жыл үздігі-2023» шарасы өткізілді, деп хабарлайды AtyrauPress.
"Жыл үздігі - 2023" премиясы жыл бойына жемісті еңбек еткен жастардың бұқараға танылуына, жастар арасындағы бәсекелесті арттыруға және бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтуға жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған.
Әділ-қазылар алқасының шешімімен
"Үздік студент" - Өтесінқызы Балғара
«Үздік оқушы» - Мұхамбетжан Диана
«Үздік волонтер» - Исмагулов Диас
«Үздік пікірсайысшы» - Өмертаев Бақдәулет
«Үздік журналист» - Тілеухан Жұлдыз
«Үздік жас мұғалім» - Юсупов Куаныш
«Үздік жас спортшы» - Суйекенов Болашак
«Үздік жастар ұйымы» - Caspian Student’s Parlament
«Үздік жас кәсіпкер» - Исмағұлова Айгерім атанды.