Атырауда жыл басынан бері ұрланған 70 бас үй жануарлары иелеріне қайтарылды

Атырау облысы аумағында мал ұрлығын ескерту, алдын-алу және ашу, оларды жасаумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында түрлі кешенді іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Атырауда жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты 27 қылмыс ашылып, жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан 7 адамнан құралған 1 қылмыстық топ ұсталды. Сондай-ақ, жоғалған 70 бас үй жануарлары  иелеріне қайтарылған.

Айта өтейік, мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.