Жыл басынан бері 33 мыңнан аса шетелдіктер уақытша тұруға рұқсат алса, көші-қон заңдылықтарын бұзғаны үшін 4976 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Облыс көлемінде жедел жағдайды, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және заңсыз келуді, тұруды, көші-қон саласы бойынша қылмыстарды, заңсыз көшіп-қонушылардың арналарын анықтап, жолын кесу мақсатында көші-қон қызметкерлері тарапынан тұрақты түрде рейдтік тексерістер ұйымдастырылып, әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.
100 шетелдік еліміздің аумағынан тысқары шығарылып, Қазақстан Республикасының көші-қон заңдылықтарын бұзған азаматтарға 17 млн теңгеден астам айыппұл салынып, толықтай өндірілді.
Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 392, 395, 394-баптарымен «ҚР шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту, Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» 9 фактісі тіркеліп, қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Есепті мерзімде облысқа келген шетелдіктер тарапынан 15 қылмыс жасалса, шетелдіктерге қатысты 35 қылмыс жасалды.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын 5136 шетелдік есепте тұрса, есепті мерзімде барлығы 215 шетелдік есепке қойылды.
ҚР азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен 224 тұлға қабылданды.
Сонымен қатар, жыл басынан бері көші-қон қызметі бөліністерімен мемлекеттік қызмет көрсетудің 12 түрі бойынша 114 653 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Жалпы облыста көші-қон ахуалы тұрақты. Көші-қон мәселелері бойынша облыстың атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-шаралары жүргізіліп, тұрақты бақылауға алынған.