Атырау қаласы аумағында 2023 жыл басынан айыппұлдарын төлемей жүрген автокөліктер жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 785 бабына сәйкес барлығы 800-ден астам (30 млн теңгеге жуық құрайтын айыппұлы бар) автокөлік арнаулы тұрағына қойылды.
7-30 маусым аралығында "Борышкер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында 287 автокөлік айыппұлдарын төлемей жүргендері үшін ҚР ӘҚБтК-нің 785 бабына сәйкес арнаулы тұраққа қойылып, ал 400-ге жуық көлік құралдары 16 млн теңгеден астам төленбеген айыппұлдары сол жерден төленіп, өндіріліп алынды.
Жүргізушілер назарына: Жолда жүру ережесі қағиды бойынша құқық бұзушылық жасағаннан кейін 7 күн ішінде айыппұлдың 50% төлеуге болатыны жөнінде ескертеміз!
ҚР ІІМ-нің тапсырмасы бойынша жол қозғалысын автоматты қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша "Қорғау-қауіпті жүргізуші" мобильді қосымша еңгізілді.
Атырау қаласы бойынша "Қорғау" көмегімен 2022 жылдың 8 мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін барлығы 7143 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталған. Атап айтқанда:
- Сақтандыру полисын жасаудан жалтарып жүрген - 6525,
- Жалған мемлекеттік белгі орнатып көлік құралын басқарған- 12,
- Басқаруға құқығынан айырылған - 50,
- Мемлекеттік белгісі жоқ күйде көлік құралын басқарған - 14 көлік құралдары анықталып, оларға қатысты Әкімшілік хаттамалар жасақталды.
Сонымен қатар 1114 көлік құралдары жол жүрісі ережелерін бұзғандары үшін арнаулы тұрағына қойылды.