Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық өміріне және азаматтық бастамаларға елеулі үлес қосқан үздіктер «Жыл адамы – 2025» байқауында марапатталды, – деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Дәстүрге айналған бұл шара барысында өз саласында табанды еңбегімен, кәсібилігімен және қоғамға жанашырлығымен ерекшеленген азаматтар ерекше құрметке бөленді.
Биылғы жылдың басты марапаты – «Жыл адамы – 2025» атағы «Зейін-Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі, «BelYes» инклюзивті кофеханасының иесі Бегісбаев Әнуар Бағытжанұлына табысталды. Ол ерекше білім беруді қажет ететін балаларды дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп қана қоймай, инклюзивті кофехана ашу арқылы олардың қоғамға бейімделуіне және еңбекпен қамтылуына нақты қолдау көрсетіп келеді. Аталған жоба – Қазақстанда инклюзивті форматта ашылған алғашқы кофеханалардың бірі.
Байқау барысында «Жылдың үздік кәсіпкері» номинациясы «Sultan Palace Hotel» ЖШС басшысы Жолмуханов Бауыржан Ахонұлына берілді. «Жылдың үздік инновация көшбасшысы» номинациясымен «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – ректоры Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы марапатталды.
Бұдан бөлек, «Жылдың үздік мұғалімі», «Жылдың үздік дәрігері», «Жылдың үздік мәдениет қызметкері», «Жылдың үздік ауыл шаруашылығы қызметкері», «Жылдың үздік депутат» және өзге де бағыттар бойынша барлығы 23 номинация иелері анықталып, марапатталды.
Шараға арнайы қатысқан Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин құттықтау сөзінде:
– Бұл кеш – бір жылдың ішінде ел игілігі жолында табанды еңбек етіп, өз саласында кәсібилік пен жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсеткен азаматтарға көрсетілген ерекше құрмет. Бүгін 23 номинация бойынша әр саланың үздіктері марапатталуда. Бұл — адал еңбекке, табандылық пен қалаға деген шынайы жанашырлыққа берілген лайықты баға. «Жыл үздігі» атану – зор мәртебе ғана емес, үлкен сенім. Бұл сенім сіздерді жаңа бастамаларға жетелеп, өзгелерге үлгі боларына сенімдімін. Қала әкімдігі алдағы уақытта да еңбек адамын қолдауды, кәсіби дамуға және азаматтық бастамаларға жағдай жасауды басты басымдық ретінде жалғастыра береді,- деп атап өтті.
«Жыл адамы» секілді игі бастамалар қоғамдағы белсенді, жауапты әрі еңбекқор азаматтардың еңбегін дәріптеп, олардың қызметін одан әрі ынталандыруға бағытталған маңызды алаң болып қала бермек.
Номинациялар мен жеңімпаздар:
• Жылдың үздік тәрбиешісі – Ермекова Гүлзауза Мәлікқызы, №13 «Балапан» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
• Жылдың үздік педагогі – Ақмурзиев Абай Абылайұлы, №44 мектеп-гимназиясының директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
• Жылдың үздік дәрігері – Бекенова Жанаргүл Сапарғалиқызы, Атырау облыстық ауруханасының гинекология бөлімшесінің меңгерушісі
• Жылдың үздік спортшысы – Абдирова Дана Самиғоллақызы, дзюдо күресінен ҚР «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері»
• Жылдың үздік мәдениет қызметкері – Көкенбаева Жеміс Мүстекенқызы, «Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы» МКҚК шаруашылық бөлімінің меңгерушісі
• Жылдың үздік әлеуметтік сала қызметкері – Қоңырова Шолпан Құрметқызы, «Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры
• Жылдың үздік тазалықшысы – Жұмажанов Жанкелді Жантөреұлы, «Спецавтобаза» ЖШС учаске басшысы
• Жылдың үздік коммуналдық сала қызметкері – Құспанов Ержан Өтегенұлы, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК сумен жабдықтау және желілер диагностика қызметінің басшысы
• Жылдың үздік ауыл шаруашылығы қызметкері – Дүйсекен Ерік Өтебайұлы, «Отбасы» шаруа қожалығының басшысы
• Жылдың үздік құрылысшысы – Дарибаев Бауржан Мейрамханұлы, «Direct Construction Service» ЖШС директоры
• Жылдың үздік салық қызметкері – Өтешова Амангүл Хасидоллақызы, Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Дара кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы
• Жылдың үздік аудиторы – Таменов Сағындық Тілегенұлы, Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы
• Жылдың үздік полицейі – Бахонов Медихан Кенжетайұлы, Атырау қаласы Полиция басқармасы №2 қалалық полиция бөлімі, Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің аға учаскелік инспекторы
• Жылдың үздік азаматтық қорғау саласының қызметкері – Саймурзиев Асланбек Жандарбекұлы, Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.
Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі – Қариполлаев Эльдар Сұңғатұлы, Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы
• Жылдың үздік депутаты – Әжіғалиев Бауыржан Өтепқалиұлы, Атырау қалалық маслихатының депутаты
• Жылдың үздік сот жүйесінің қызметкері – Ташенова Айгүл Қуанышқызы, Атырау облыстық сотының судьясы
• Жылдың үздік журналисі – Ли Анжела Михаилқызы, «Прикаспийская коммуна» газеті жаңалықтар шолушысы
• Жылдың үздік қаламгері – Доспанов Жұмабай Орынғалиұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Құрметті журналисі
• Жылдың үздік кәсіпкері – Жолмуханов Бауыржан Ахонұлы, «Sultan Palace Hotel» ЖШС басшысы
• Жылдың үздік инновация көшбасшысы – Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы, «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ басқарма төрағасы-ректоры
• Жыл жанашыры – «BI Group» компаниясы
• Жыл адамы – Бегісбаев Әнуар Бағытжанұлы, «Зейін-Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығының жетекшісі, «BelYes» инклюзивті кофехана иесі.