Атырауда «Жыл адамы-2024» іс-шарасы өтті

Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан үздіктер марапатталды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қалалық әкімдік өз саласының жүзден жүйрік, мыңнан тұлпары болған үздіктерін дәстүрлі түрде анықтап келеді. Биыл «Париж-2024» паралимпиадасына қатысып, ел намысын қорғаған  дзюдошы  Альфия Тілекқабыл «Жыл адамы» атанды. 

1400-ден астам тұрақты жұмыс орнын құрып және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып отырған "Infinity Eco Park" жобасының авторы Сағын Сарсенов "Жылдың үздік кәсіпкері" номинациясына лайық деп танылды. Ал "Жылдың үздік құрылысшысы" атағы 2022 жылы АҚШ-та өткен бизнес жарыстардың біріне қатысып, бизнес жобасы үздік деп танылған Эльдар Сағынғалиевқа табысталды. «Үздік журналист» номинациясы облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси  газетінің шолушысы Алмас Қабдоловқа бұйырды. 

Бұдан бөлек, "Жылдың үздік үкіметтік емес ұйымы", "Жылдың үздік тазалық қызметкері", "Жылдың үздік  жанашыры", "Жылдың үздік  мұғалімі", "Жылдың үздік дәрігері", " Жылдың үздік мәдениет қызметкері", "Жылдың үздік  спортшысы", "Жылдың үздік қаламгері", "Жылдың үздік ауыл шаруашылығы қызметкері", "Жылдың үздік коммуналдық қызметкері", "Жылдың үздік әлеуметтік саланың қызметкері", "Жылдың үздік мемлекеттік қызметкері", "Жылдың үздік сот қызметкері", "Жылдың үздік  салық қызметкері", "Жылдың үздік аудиторы", "Жылдың үздік  депутаты", "Жылдың үздік әскери қызметкері", "Жылдың үздік құтқарушысы", "Жылдың үздік құқық қорғаушысы" номинациясының иелері белгілі болды.