Атырауда «Жыл адамы – 2023» дәстүрлі салтанатты іс-шарасы өтті

Абай орталығында Атырау қаласының дамуына сүбелі үлес қосқан түрлі сала үздіктерінің салтанатты іс-шарасы өтті. Оған қала әкімі Шәкір Кейкин қатысып, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында еселі еңбегімен таңылған, түрлі сала мамандарына алғысын білдірді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Қаланың тыныс-тіршілігіне жыл он екі ай атсалысқан үздіктер 19 бағыт бойынша іріктелді.  

Атап айтқанда,

«Жылдың мемлекеттік қызметкері» - Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Айнұр Өтеғалиева;
«Мәдениет қызметкері» - Қазақ соқырлар қоғамы клубының меңгерушісі Сая Жасақбаева;

«Жыл мұғалімі» - №41 Ә.Кекілбайұлы атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бибігүл Нұршаханова;

«Жыл спортшысы» - Бітімге тарту бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Кирилл Литвинов;

«Жылдың үздік құтқарушысы» - Атырау қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Бақтыбек Төлегенов;

«Жылдың құқық қорғаушысы» - Атырау қаласы Полиция басқармасының Патрульдік полиция батальонының командирі Дәурен Насиполла;

«Жыл дәрігері» - Атырау теміржол ауруханасының оториноларинголог  дәрігері Александр Тян;

«Жыл құрылысшысы» - «Модернстрой-Атырау» ЖШС-нің бас директоры Идрис Гаджибеков;

«Әлеуметтік саланың жыл қызметкері» - Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкері Агайнаш Капенова;

«Жылдың үздік әскери қызметкері» - Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің аға сержанты Серік Ербулеков;

«Жыл журналисі» - «Прикаспийская коммуна» газетінің арнайы тілшісі Тимур Қазиев;

«Ауылшаруашылығы саласының қызметкері» - «Анашым» жеке шаруа қожалығының басшысы Әсемғали Қуанышева;

«Коммуналдық саланың жыл қызметкері» - Қалалық тұрғын үй-комуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің тұрғындармен қарым-қатынасты үйлестіру және тұрғын үй инспекциясы секторының бас маманы Гүлжамал Жолдасова;

«Жылдың үздік пәтер иелері кооперативі» - «Авангард» жеке кәсіпкері төрағасы Иван Кабидуллин;

«Жылдың үздік аудиторы» - Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Жалғас Букаев;

«Жылдың үздік қаламгері» - Ақын,жазушы, әдеби аудармашы, публицист Бекет Қарашин;

«Жыл депутаты» - Атырау қалалық Мәслихатының депутаты Айжан Сәрсембаева;

«Жыл кәсіпкері» - жеке кәсіпкер Ардақ Битурин;

«Үздік тазалық қызметкері» - «Арнаулы автокөлік  базасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаске бригадирі Альвий Брекешов иеленді.

Ал «Жыл адамы-2023» марапаты «Mugalim Development & Scholarship Group» жобасының құрылтайшысы Данияр Демесиновке табысталды. Ол Қазақстанның 50 жас кәсіпкер қатарына кірген. Осы уақытқа дейін бірнеше бағытта қайырымдылық жұмыстар атқарып, тек қана өңірімізге емес, еліме қалай пайдамды тигіземін деген атыраулық жас кәсіпкер. 

Бүгінде «Mugalim Development & Scholarship Group» жобасы- қоғамда айтарлықтай орны бар халықтық жобаға айналды. Жобаның іргесі 2018 жылы қаланып, ұстаздық жолды таңдаған болашақ мамандардың даму жолына жаңа серпін алып келді. Жобаның негізгі мақсаты - ісіне адал, еліне қызмет етуді мақсат тұтқан, жан-жақты дамыған, заманауи білімді ұстаздарды даярлау. Жобаның оқыту жүйесі республикалық мұғалім білім беру бағдарламасы аясында жүргізіледі. Қазіргі таңда 120 студент Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде педагогикалық саласында оқып, «Mugalim Development & Scholarship Group» жобасында білім алып жатыр.