Атырау қаласының № 2 сотында журналист Виктор Сутягиннің автокөлігін өртеген адамға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Сотта аса ірі залал келтіре отырып, бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны үшін айыпталған азаматқа қатысты ҚК-тің 202-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойнша қылмыстық іс қаралды.
Еске салайық, былтыр мамырдың 10-нан 11-не қараған түні журналист Виктор Сутягиннің үйінің алдында тұрған Lexus RX-300 көлігін белгісіз біреулер өртеп кеткен еді. Бұл оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Соның салдарынан журналиске 25 млн теңгеден астам сомада залал келтірілді.
Сот оны кінәлі деп тапты және істеген ісіне өкінетінін, сондай-ақ асырауында кішкентай төрт баласының барын ескеріп, оған 5 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жәбірленуші В.Сутягиннің азаматтық талабы толығымен қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Эльмира Мықтыбаева
Фото: t.me/POLICE_of_KZ