Бұл туралы Caspian news телеарнасының Facebook парақшасындағы тікелей эфирде Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи мәлім етті. «Атырауда жалпы ауданы 25 мың шаршы метр жолға жөндеу жұмыстары 10-15 сәуірде басталады деп жоспарланған. Бүгінде тендер жұмыстары аяқталып, мердігер компания анықталды. Бұл үшін бюджеттен 200 млн теңге бөлінді» деді әкім.