Атырауда жолдардың сапасы 82 пайызға жақсарады

Атырау облысында жолдардың 74 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 82 пайызға жетеді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыруға арналған мәжілісте айтты.

– «Атырау–Астрахань» тасжолының 200 шақырымы жөнделді. Биыл қалған бөлігі толық аяқталады. Сондай-ақ, әуежайда «Ашық аспан» режимі енгізіліп, жаңа халықаралық бағыттар ашылады, – деді әкім.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Сурет – Әнуар ӘДІЛҒАЗИЕВТІКІ