Атырауда жолдар жабылмақ

Ағымдық жол жөндеу жұмыстарына байланысты 1 сәуір күні жол қозғалысы уақытша шектелмек, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Ж.Молдағалиев көшесінің Азаттық көшесімен қиылысы мен «Атырау-Ақпарат» ғимаратына дейінгі аралық және Б.Құлманов көшесінің И.Тайманов пен Ә.Молдағұлова көшесімен қиылысы аралығы уақытша жабылатындығын хабарлаймыз. Жұмыстар жоспар бойынша кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады" делінген қалалық әкімдік хабарламасында.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ