Атырауда жолдар жабылды

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 

11 ақпан ауа райының қолайсыздығына орай республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолының 616-847 шақырым аралығында жол уақытша жабылды. Сондай-ақ, Атырау-Индер тас жолының 20-170 шақырым тұсы, Атырау қаласымен Индер ауданының жолы тайғақ болуына байланысты, автокөліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

"Облыс аумағында қалың қар түсуіне байланысты барлық жол қозғалысына қатысушылардан жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ