Құлсары станциясында жолаушылар поезы бес түйені қағып кетті, деп хабарлайды AtyrauPress Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Волгоград – Ташкент» бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржолда түйелердің жүруіне байланысты шұғыл түрде тежегішті басқанымен, дер кезінде тоқтап үлгермеді. Соның салдарынан поезд бес түйені қағып кетті.
Түйе иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
«Шұғыл тежеуді қолдану және жануарларды қағып кету пойыздардың ұзақ уақыт тоқтап қалуына, локомотивтердің зақымдалуына, тіпті, айтарлықтай шығындарға әкеп соғады. Осыған сәйкес, үй жануарларының иелеріне қауіпсіздік шараларын сақтап, теміржол маңында жануарларды жаю кезінде аса мұқият болуды ескертеміз», - дейді көлік полицейлері.
Эльмира Мықтыбаева