Атырауда жолаушылар автобусы жол апатына түсті

Жол-көлік оқиғасынан бір адам зардап шекті, ол облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық полиция департаментінен білгеніміздей, бүгін сағат 10:15-те Құрманғазы көшесі мен Сұлтан Бейбарыс даңғылының қиылысында Daewoo Bus және Hyundai Accent көліктері соқтығысты. №22 бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото-иллюстратив: әлеуметтік желі