Мұны облыстық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
3 желтоқсан сағат 20:30 шамасында Батыс Қазақстан облысы аумағында жаңбырлы ауа-райының әсерінен тасжолда тайғақ болып көлік құралдарының жүрісі қиындауына орай республикалық маңызы бар “Атырау-Орал” тасжолының 179-189 шақырым аралығынан Орал қаласы бағытына қарай көлік құралының барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
"Облыс аумағында көктайғақтың болуына байланысты барлық жол қозғалысына қатысушылардан жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ