Атырауда жол жабылады

18 сәуір күні сағат 10:00-18:00 аралығында Р.Ғабдиев көшесінің С.Қожықов көшесімен қиылысынан шағынмаркетке дейінгі аралықтағы жол жабылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мұнда 10 кВ әуе электр желісі бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады.

"Уақытша туындаған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңыз сұралады" делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Возможно, это изображение карта