Әлеуметтік желіде Әлия Молдағұлова көшесіндегі тас жолдың жарамсыз екенін айқындайтын бейнеролик тарады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қазіргі уақытта төтенше жағдайға байланысты аталған көше бойымен арнайы техникалардың жиі жүруінен асфалть жабындысының астыңғы бөлігі деформацияланды. Тасжолдың кей бөлігі жарамсыз күйде тұр. Бұл көше биылғы жылы ағымдық жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелер тізіміне енгізілді. Жұмыстар келесі аптада бастау жоспарланды.
Осы жылы жол көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қалаішілік жолдар мен көпір құрылыстарында пайда болған 30 000 шаршы метр шұңқыр мен ұсақ қиратулар қалыпқа келтіріледі.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ