Мүгедектігі бар азаматтардың мәселелерін шешу үшін жасақталған жол картасы жұмысын үйлестіруге облыс әкімі жанындағы мүгедектік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшілер қатысты, деп хабарлайды AtyrauPress.
Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев кеңесшілермен және әлеуметтік сала басқарма басшыларымен кездесіп, қабылданған жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды талқыланды.
Әлеуметтік осал топтарды қолдауға арналған Жол картасы аясындағы жұмыстарды үйлестіруге енді басқармалармен бірге, облыс әкімі жанындағы мүгедектік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшілер атсалысатын болады.
Мүгедектігі бар азаматтар қандай да бір мәселе бойынша, Гульназ Космурзиева, Марат Үмбетәлиев, Гульжан Хусайноваға хабарласа алады.
Облыс әкімі жанындағы мүгедектік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшілердің тағайындалғаны хабарланған болатын.