Атырауда жол қозғалысы тағы бір бағытта шектелмек

9 маусымнан бастап, орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Махамбет көшесінің Ш.Уәлиханов және Абай көшесі аралығы көлік қозғалысы үшін уақытша жабылады.

Осыған орай, аталған көше арқылы өтетін қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты өзгереді. Жаңа бағыттар қосымша картада көрсетілген.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Барлық жүргізушілер мен жолаушыларды қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға шақырамыз", - делінген хабарламада.