Атырауда жол қозғалысы ережесін бұзудың 7000-нан астам дерегі анықталды

Атырау облысы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында 19-26 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды  AtyrauPress.

Іс-шара барысында барлығы жол қозғалысы ережесін бұзудың 7082 құқық бұзушылығы анықталып, 120 автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.
Оның ішінде:
- Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу-258;
- Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару-82;
- Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару-42;
- Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару-236;
- Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы-128;
- Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру-4314;
- Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау-731;
- Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы-18;
- Маневр жасау қағидаларын бұзу-129;
- Қарсы бағытқа шығу-26;
- Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы-50;
- Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзүдың 374 дерегі анықталды. 
Осы ретте, атыраулық полицейлер жол ережесін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

Фото AtyrauPress