22 «тамыз», 2023 2018

Атырауда жол апатынан екі адам қаза тапты


21 тамыз күні сағат 19:30 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 635-шақырымы тұсында Toyota Prada және Lada Granta автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Granta автокөлігінің екі жолаушысы қаза болды. Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі және Toyota Prada автокөлігінің екі жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары басталды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ