Жол белгілерін қалпына келтіруге берілген нұсқаманы уақытында орындамаған мекемеге айыппұл салынды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау қаласы З.Қабдолов даңғылы бойында орналасқан темір жолдағы ойық шұңқырлардың салдарынан өткен жылдың 25 желтоқсан күні бірнеше автокөліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Осыған байланысты Атырау қаласының полиция басқармасы Әкімшілік полиция бөлімі Жол және техникалық инспекция тобы тарапынан жол белгілерін қалыпқа келтіру мен кемшіліктерді жою мақсатында жауапты мердігер мекемеге нұсқама берілді. Алайда, мердігер мекеме аталған нұсқаманы уақытында орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес тиісті мекемеге хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
"Осы ретте, жол қозғалысына қатысушыларға жол жүрісін реттейтін техникалық құралдардың және жол белгілерінің талаптарын сақтап, жылдамдықты асырмау керектігін ескертеміз" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ